Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AI Workshop» : III кезеңнің қорытынды оқу күні өтті

«AI Workshop» : III кезеңнің қорытынды оқу күні өтті

Арал ауданында жүзеге асырылып жатқан «AI Workshop» білім беру жобасының III кезеңі қорытындыланды.

Оқу процесін «Aral AI Hub» жобасының жетекшісі Айдос Маратов жүргізіп, қатысушыларға жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың негізгі бағыттары бойынша мазмұнды ақпарат берді. Сонымен қатар практикалық тапсырмалар арқылы заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді.

Курс барысында жастар цифрлық контент әзірлеу, графикалық дизайн, бейнемонтаж және медиа өнімдер жасау бағыттарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ жасанды интеллект құралдарының көмегімен өз идеяларын жүзеге асырып, креативті жобалар әзірлеу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінгі қорытынды оқу күніне 35 жас маман қатысып, бағдарлама аясында алған білімдерін бекітіп, практикалық тапсырмаларды орындады. Жалпы үш күнге созылған III кезеңге 100-ге жуық жас маман қатысып, цифрлық сауаттылығын арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.
«AI Workshop» оқу курсы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру мен жасанды интеллект саласын дамыту жөніндегі бастамаларымен үндеседі. Жоба жастардың заманауи технологияларды меңгеруіне, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына және еңбек нарығының талаптарына сай кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта да мұндай білім беру бастамалары жалғасын тауып, жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және кәсіби тұрғыда қалыптасуына өз үлесін қосады.

06 қараша 2026 ж. 44 0