Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтардың көзі көк, шашы сары болғаны қаншалықты рас

Қазақтардың көзі көк, шашы сары болғаны қаншалықты рас

Қазақстандағы антропология мектебінің негізін қалаушы Оразақ Исмағұловтың "Қазақтардың шығу тегі" монографиясында (Айнагүл Исмагуловамен бірге жазған) қазақтардың андроновтардан бастап антропологиялық сабақтастық тұжырымдамасын ұсынды.

Андроновтар еуропалық антропологиялық типтің өкілдері болды,
"Төрт мың жыл бұрын Алтайдан Каспийге дейінгі аймақта тұрған қазақтардың ата-бабалары европа тектес болды. Бұл сүйектерге, бас сүйегіне және сырт келбетіне байланысты болжанды. Бірақ біз әр өңірде европалықтардың өз ерекшеліктері барын түсінуіміз керек. Олардң бет тегіс, қысқа бойлы, маңдайы жазық болатын", - деп атап өтті Оразақ Исмағұлов жарты ғасырдан астам уақытын жұмсаған кітабында.
Тарихшы Жақсылық Сәбитовтың пікірінше, Андроновтар қазақтардың ата-бабаларының бірі, бірақ әдейі аталмаған басқа да ата-бабаларымыз болған.
"Қазақтың көк көзді, сары шашты болған деген аңызы антропологиялық доктрина жұмысына байланысты шыққан. Адам мен жануарлардың бас сүйегін зерттейтін краниология зертеуі осындай мағлұмат берді. Бұл ұғым Қазақ КСР-ның саяси элитасына тиімді болды. Есік маңында табылған осы "еуропалықтың" біреуі тәуелсіздік символына айналды ("Алтын адам", "Сакс жауынгері"),
"Нағыз қазақтар көк көзді болған" деген дұрыс емес, андроновтар - қазақтардың ата-бабаларының бірі, бірақ жалғыз ғана олар жатпайды", - деді Сәбитов.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың айтуынша, қазақтардың ата-бабалары көгілдір көздің, аққұбалы екендігін дәлелдеу қиын. Ол ирандықтардың мысалын келтіреді. Ирандықтар еуропа тегіне жатады, бірақ олардың шаш түсі қара, көздің түсі қара-қоңыр немесе қара.
"Мен Оразақ Исмағұловтың зерттеу жұмыстарын қолдаймын, мәселені зерттеп, қазақтардың этногенінде еуропалықтардың бар екендігін анықтадым, алайда физикалық антропологиядағы зерттеулер моңғолиялықтармен араласудың бар екенін көрсетеді", - дейді Артықбаев.
Оның айтуынша, бүгінде қазақ тілінде және еуропада ұқсас сөздер бар. Мысалы, ағылшын тілінде "eyes" көз деген мағынады. Ал қазақ тілінде "Айызым қанды" сөзі бар.
Артықбаев қазақтардың шығу тегі туралы шындықты білугу үшін ежелгі қолжазбаларды зерттеу керек екенін айтты.
http://stan.kz
23 мамыр 2019 ж. 1 750 0