Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бір-бірімен ұштасып жатады. Осынау үш зат қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп, күлін жерге көміп тастаған. Неге? Өйткені кез-келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады.
Бесік — киелі мүлік. Қазіргі күнде қолданылмай бара жатқаны өкінішті. Бесікке бөлеудің артықшылықтары Халқымыз баланы бесікке бөлеуге баса назар аударған. Бесікте баланың ұйқысы тыныш, əрі таза, суық тиіп ауырмайтын болған. Ал, қазіргі заманда көп жағдайда бірреттік жаялықтар қолданылады.
Памперс синтетикалық заттан жасалғандықтан, көп қолдану бала денсаулығына зиян. Сапасыздары ауа өткізбейді. Сондықтан, баланы бесікке бөлесеңіз, əрі пайдалы, əрі ақшаңыз да үнемді. Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі бесікті аңсап тұратындығында. Ондай бала өз бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала əбден тойған сəтте, анасы бесікті жайлап тербетіп отырып бесік жырын айтатын болған. Бесік жыры балаға берілетін алғашқы тəрбие.
Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының əлдиі баланың құлағына сіңеді. Осындай əдемі əуенмен астарында əдемі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі.
Баланың бойына əсерлі əуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың əлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай талдан иіп жасаған, əрі жеңіл келеді. Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын көреміз: біріншіден, ол екі жаққа тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, бесіктегі сəби есейе келе қаншама бұлқынса да аударылып кетпейді; екіншіден, тербеткенде адам қолы шаршамайды, ырғаққа оңай келеді;
үшіншіден, жылы, əрі таза. Баланың дəреті денеге жайылмай шүбек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды;
төртіншіден, желдің өтінен, жердің сызынан, аптап ыстықтың лебінен қорғайды; бесіншіден, баланы емізуге қолайлы.
Баланы жөргектен шешіп алмай-ақ ана бесікке сүйеніп отырып емізе береді; алтыншыдан, дене мүшелерінің яғни бастың қисық болмай, домалақ болуына, аяқтарының да түзу болып өсуіне бесікке жатудың көмегі тиеді;
http://zhambylnews.kz
29 мамыр 2019 ж. 2 358 0