Ақтөбеде жаңа форматтағы полицейлерді іріктеу мен даярлау мәселесі талқыланды

Институт бастығы БАҚ өкілдерінің сұрақтарынан өзге әлеуметтік желілер қолданушыларының да тікелей эфирдегі сұрақтарына жауап берді. Шара соңында полиция Айдар Сайтбеков аталған форматта оқытудан күтілетін нәтижелерді атап өтіп, жүргізіліп жатқан курстардың түлектеріне қойылатын талаптарға ерекше назар аударды. Айта кетейік, 2019 жылғы 20 мамырда Институтта алғашқы рет кәсіби даярлық курстары басталды, оның барысында кәсіби заңгерлер үш ай мерзім ішінде полиция қызметіне қажетті білім алады. Оқу үрдісіне құқық қорғау органдарының, соттардың кәсіби мамандары мен қоғамдық өкілдер тартылған. Оқу қорытындысында курс бітірушілері келесі талаптарға сай болады: - Қазақстан Республикасының заңдарын білу; - төтенше жағдайларға душар болған адамдарға көмекке келуге дайын болу; - арнайы техникалық құралдарды қолдана білу; - азаматтармен және БАҚ-пен қарым-қатынастағы коммуникативтік құзіреттілекке ие болу; - алғашқы медициналық көмек көрсете білу; - дене бітімі шыныққан және психологиялық тұрақты болу.