Көзден кетсе, көңілден де кетеді: Қайраттың хит әнінің орындаушысы өкініш білдірді

"Досым болғанымен, бірге ән айтайық деп сұрау ұят екен. Менің "Ұмытар емеспін" деген әнім Қайраттың төлқұжатына айналды. Соған байланысты кикілжің болып та қалды. Қайрат Нұртас жаңадан шығып жатқан соң, репертуарында ән аз болғаннан кейін әнімді бердім", - дейді Нұржасар Байшукенов.