Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әміржан Қосановтан көбірек алатын мүмкіндігіміз бар": Жүрсін Ерман сайлауға түссе қанша дауыс жинайтынын айтты

"Әміржан Қосановтан көбірек алатын мүмкіндігіміз бар": Жүрсін Ерман сайлауға түссе қанша дауыс жинайтынын айтты

Жүрсін Ерман өз кандидаттығын ұсынып, сайлауға түсер болса қанша дауыс жинай алатынын айтты,

 Белгілі журналист Жүрсін Ерман Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының атынан кандидатурасын ұсынған жағдайда Әміржан Қосановтан көп дауыс жинайтынына сенімді екенін айтты. Ақындардың халыққа жақын боларын тілге тиек еткен ол ел басқармаса да, билікке отырып, халықтың мұң-мұқтажын түгендеуге қауқарлы екенін айтты.
"Әміржан Қосановтан көбірек алатын мүмкіндігіміз бар еді. Ол менің емес, айтыстың арқасы. Айтыстың халыққа сүйкімінің арқасы, халыққа танымалдылығының арқасы. Біз біраз жерге барып қалатын едік. Парламент сайлауында кандидаттыққа түсеміз", - дейді Жүрсін Ерман.

http://stan.kz
06 маусым 2019 ж. 776 0