Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерді жақсы түсінеді: Шымкенттік жемқордан тәркіленген картина құны 5 млн еуро

Өнерді жақсы түсінеді: Шымкенттік жемқордан тәркіленген картина құны 5 млн еуро

Сотталған шенеуніктерден тәркіленген бағалы картиналар көрмеге жіберіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Алик Шпекбаевтың Шымкентке барған жұмыс сапарының барысында белгілі болды.

Шымкенттік мұражайда танымал суретшілердің 400-ден аса жұмысы бар. Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің үйінде тұрған картиналар олар жемқорлыққа байланысты сотталғаннан кейін мемлекет меншігіне беріліпті. 
Тәркіленген картиналардың ішінде Айвазовский, Шишкин, Густав Прух, Серов, Хальцман, Герхард Рихтердің жұмыстары бар. Аталған авторлардың картиналарының бәрі бағалы саналады. 
Қазақстандық шенеуніктерден тәркіленген картиналардың 5 миллион еуроға дейін жетеді. Анықталғандай, отандық жемқорлар өнерді жақсы түсінетін болып шықты. Олар мемлекет бюджетінен ұрланған қаржыға картиналар, мүсіндер, сирек кездесетін кітаптар мен XVIII-XIX ғасырларға тиесілі зергерлік бұйымдар сатып алған. Ендігі шымкенттіктер бұл картиналарды мұражайдан көре алады. 
«Өкінішке орай, біз бұл картиналарды көпшілікке үнемі көрсете алмаймыз. Себебі оларды белгілі бір температура мен ылғалдылықта сақтау керек», - дейді Шымкент қалалық сурет өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов.

http://stan.kz  

07 маусым 2019 ж. 704 0