"Қазақфильм" америкалық компаниямен бірлесіп сериал түсіруді жоспарлап отыр

Бұл фильм жақында ғана Калифорниядада өткен Mammoth Lakes Film Festival фестивалінде үш бірдей жүлдеге ие болды: көрермендер көзайымы жүлдесі, Үздік шетелдік баяндайтын фильм үшін құрметті сыйлығы және Panavision Award жүлдесі. Кинотуынды Данияр есімді жас жігіттің өмірі туралы баяндайды. Біраз уақыт өткен соң туған қаласына оралған жігіт барлық жергілікті тұрғындардың өзгергенін байқайды. Тіпті өзінің анасы оны күнде сүт ішуге мәжбүрлейді, ал інісі болса өлім аузында жатыр екен.
Сара Луиз Уилсон американдық сценарист, режиссер әрі продюсер. Сондай-ақ ол бірнеше фильмдерге түскен. Мысалы, "Джелли" атты романтикалық комедияда ол басты рөлді сомдаған (Наташа Лионн және Эд Макмахонмен бірге). Уилсон бұл фильмнің сценарийін де жазған. Одан бөлек ол біраз уақыт Қазақстанда тұрып, ActionLab арт-студиясында режиссерлік шеберліктен дәріс берген. "Жол жоқ" фильмінде мен қадамдарын енді басқан жас қазақстандық актелермен жұмыс істедім, олар менің студенттерім болған", - деді Уилсон.
"Қазақфильм" киностудиясы "Жол жоқ" фильмінің басты тақырыбын дамытып, халықаралық табысты жоба етіп, телевизиялық сериал түсіруды көздеп отыр.