KeshYou тобымен бәсекелестік себеп болған: "Алау" тобы проюсермен жұмыс істеуден бас тартты

Соңғы уақыттары жігіттер топқа қатысты барлық жұмыстарды өздері атқарған көрінеді. Содан болар "Алау" тобы продюсерсіз жұмыс жасаудан жасқанбай отыр.
"Продюсерлерге еш реніш жоқ. Менің ойымша ол кісілер барлығын түсінеді. Соңғы жылдары барлық жұмыстарды өзіміз атқаратынбыз. 4 жылдың ішінде жақсы тәжірибе жинадық деп ойлаймын. Продюсерлердің көмегінсіз халықты қуантамыз деген үміттеміз", - дейді Ержан Мұқатаев.