"Қолданылған өнімдермен есептеседі": Алматы облысында жұмысшылар экс директорына наразылық білдірді
Алматы облысы Іле аудандық сотының алдында бір топ жұмысшы «қолданылған өнімдермен есептесетін еді» деп бұрынғы директорларына наразылық білдірді. Жұмысшылар «Михаил Шамаков есімді экс басшы еңбекақымыздың белгілі бір мөлшерін заңсыз ұстап, қолды қылды» деп шағымданып отыр. Жұмысшылар «экс директор екі жылда 10 миллионнан астам соманы жалақыдан ұстап қалып, басқа компанияға заңсыз аударып отырған» дейді.
«Біз – қарапайым адамбыз. Өтінеміз, бізге көмек беріңіздерші. Бізді жеке-жеке шығарып, әлдебір құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі. Қорқытып, үркітті. Қарсылық білдіргенім үшін жұмыстан қуды. Қазір мен жұмысқа қайта келдім. Жесірмін, 4 балам бар. Кейде бізге мерзімі өтіп кеткен өнімдерді мәжбүрлеп беретін. Бәрі әділ болғанын қалаймыз», - дейді жұмысшы Анар Бақытова.
Жүк сақтау, тасымалдау жұмыстарымен айналысатын компания жұмысшылары қолдану мерзімі өткен өнімдерді табысымыздың бір бөлігінен ұстаған кезде «өтемақы» деген желеумен жарылқайтын деп ренжулі.
Өздері берген шағымға байланысты алғашқы сот тыңдалымына келген жұмысшылар «экс басшы жалақымыздан ұстап қалған қаражатты қайтарып берсін» деп талап етіп отыр.
Ал Михаил Шамаковтың қорғаушысы оның жұмыс беруші болып табылмайтынын айтып, жұмысшылардың шағымын негісіз деп отыр.
«Біз Шамаковты жауапкер ретінде тануға қатысты сотқа кері өтініш білдіреміз. Себебі шағым берушілер бұл дауды дек еңбек қатынастары аясында білдірген. Ал еңбек қатынастары жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында жасалады. Сол себепті Шамаков жұмыс беруші емес. Ендеше, жауапкер де бола алмайды», - дейді Шамаковтың сенімді өкілі Дамир Жәнібеков.