Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңдаулы күннің тағдырлы шешімі

Таңдаулы күннің тағдырлы шешімі


Менің таңдауым Елбасы саясатын жалғастырушы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидат  Қасым-Жомарт Кемелұлы болатын. Мен өзім таңдаған кандидаттың жеңіс тұғырынан көргеніме қуаныштымын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы болуға бірден-бір лайықты тұлға. Соңғы алты жылда Сенат төрағасы қызметінеде елеулі еңбек етті.Бұл оның саяси мансабы. Ал оның қарапайымдылығы, Президент бола салысымен халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсыруы, тіл мәселесі бойынша да былай деуі: «Бұл — өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек» оның халық үшін туған азамат екенінің дәлелі. Тоқаевты жастар да қолдайды, 60-ты алқымдағанына қарамастан ол әлеуметтік желілерде белсенді, елде болып жатқан барлық жағдайлар мен оқиғалар туралы парақшасында өз пікірін білдіріп отырады. Бұл еліміздің болашағы — жастармен бір толқында болуының дәлелі.
Жаңа Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағының жарқын және жаңа белестерге жеткізетініне сенім білдіремін.
Алтынай Баекеева,
№63 орта мектебінің мұғалімі
13 маусым 2019 ж. 1 289 0