Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тікелей эфирде өзіме қол саламын": Алматылық жігіт банктегі бұғатталған шоттарын ашуды талап етті

"Тікелей эфирде өзіме қол саламын": Алматылық жігіт банктегі бұғатталған шоттарын ашуды талап етті

Алматы қаласының тұрғыны өзінің және отбасы мүшелерінің банктегі шоттары заңсыз бұғатталғанын айтып, тікелей эфирде өзіне қол салатынын жеткізді. Бұл шектен шыққандық, деп ашынады ол

Қала тұрғыны Данияр Хасенов Facebook желісінде полиция департаментінің өзінің, ата-анасы мен әпкесінің банктегі шоттарын заңсыз бұғаттағанын айтып шағымданды. 
«Енді қай ақшамызға өмір сүреміз? Ақша ала алмасақ, не үшін жұмыс істейміз? Бұл менің құқыққорғаушылық қызметім үшін бе?
Мен италиялық депутаттар мен Еуродепутаттарға, Еуроалық кеңестің президенті Дональд Тускқа, ЕО-ның Қазақстандағы өкіліне хабарладым. Дәл қазір бұғаттауды тоқтатуды талап етемін», - деп жазды ол.
Алайда ол күні кеше шоттары кешкі сағат 18:00-ге дейін ашылмаған жағдайда өзіне қол салатынын айтты. Жас жігіт әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде күретамырын кесетінін жеткізді.
«Кешкі сағат 18:00-ге дейін отбасымның шоттарындағы бұғаттау алынбаса, 18:01-де Facebook пен Twitter-дің тікелей эфирінде күретамырымды кесемін. Депутаттардың бәрін және Дональд Тускті белгілеймін. Полиция мен ҰҚК-ның төзімімді сынамағаны дұрыс. Бір жағынан, полиция мен жедел жәрдемнің қаншалықты жылдам жұмыс істейтінін көреміз.
Бұл шектен шыққандық. Осының салдарынан отбасым қаражатсыз қалды», - дейді ол.
Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген банк өкілінің сөзінше, банк карточкаларының барлығы уәкілетті органдардың қаулысымен бұғатталады. Екінші деңгейдегі банктер қаулыны орындауға міндетті. Белсендінің сұранымы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді
«Біз жедел түрде ІІО-мен байланысып, жауап алдық. Жақын арада карточкалар бұғаттаудан алынады», - деді ол.
http://stan.kz
14 маусым 2019 ж. 634 0