Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шайтан дөңгелегі: Оралда адамдар отырған аттракцион тоқтап қалды

Шайтан дөңгелегі: Оралда адамдар отырған аттракцион тоқтап қалды

Оралда шолуға арналған аттракцион істемей, тоқтап қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамдары аттракционнан өрт сөндіруге арналған көтергіштің көмегімен түсіріп алды.

Оқиға 19 маусымда кешкі сағат 20:25-те орын алған. Бұл кезде аттракционда 18 адам отырған екен. Олардың алтауы – бала. Құтқарушыларға автокөтергіштің көмегімен биікке көтерілуге тура келді.
Сағат 22:30-да ТЖД-ның азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев құтқару жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Оқиға салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Техникалық ақау орын алған. Аттракционның негізгі тартпасының арқанын тістеп қалған. ТЖД күштерімен жағдай реттелді. Аттракционда отырған келушілердің дәл қазір ешқандай шағымы жоқ», - дейді қалалық саябақ директоры Бек Жәңгіров.
20 маусым 2019 ж. 642 0