Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әбдіжаппар Әлқожаның әніне билеген "Алтын белгі" иегері желіні жарды

Әбдіжаппар Әлқожаның әніне билеген "Алтын белгі" иегері желіні жарды

Ақтөбелік "Алтын белгі" иегерінің марапаттау салтанатында билеп жүрген видеосы жарияланды,

Желіде марапаттау рәсімінде бидің түбін түсіріп, жыр болған түлек өзінің парақшасына сол биінің басқа нұсқасын жүктеген. Сәбина Батенова есімді ару қуанышы қойнына сыймай осылайша танымал болып кеткен. Жақсы көретін өнер иесі Әбдіжаппар Әлқожаның әніне билеген қызды желідегілер мектеп бітіруімен құттықтасып жатты.
"Күшті, өзіңе жарасады!", "Алтын белгі иегері екенсің, құтты болсын", "Сұлу қыз, қуанышың ұзағынан сүйіндірсін. Жарайсың!", - деп пікір білдірген.

Арудың алдыңғы бейнежазбасы 3 мыңға жуық пікір жинап, желіде жоғары танымалдылыққа ие болған.

http://stan.kz
  

20 маусым 2019 ж. 6 734 0