Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық магнит әйел Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлауда

Қазақстандық магнит әйел Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлауда

Орал тұрғыны Қарлығаш Нығметова магнит әйел атанып кеткен. Ол 10 келіге дейін металл заттарды денесінде ұстап тұра алады. Ендігі әйел Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлап жүр.

Қарлығаш Нығметоваға жалпы салмағы 6 келі болатын  кеңес заманындағы 4 үтікті денесінде 40 минут ұстап тұрудың түк қиындығы жоқ. Оның сөзінше, тұңғышын босанғаннан кейін қолының шаншып ауыратынын сезіпті. 
«Бәрі 26 жасымда басталды. Сол кезде үлкен қызым өмірге келген еді. Дәрігерлер мойын және бел омыртқасының остеохондрозы диагнозын қойды. Мен оларға сенбей, емшілерге бардым. Олар маған биомагнитизмді дамытуға кеңес берді. Әр адамның өмірлік күш-қуаты, биоқуаты болады. Адам организмінің мүмкіндіктері шексіз ғой. Алайда, өкінішке орай, оны барлығы түсіне бермейді. Мұндай қабілетім бар екенін түсінгеннен кейін, өзімді дамытып, адамдарға пайдалы бола алатынымды ұқтым. Мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің мойындауына ие болдым. Мемлекеттік лицензия алдым. Медициналық білімім жоқ», - дейді әйел.
Қарлығаш Нығметова металл заттарды тарта алатын қабілеті үшін Қазақстанның рекордтар кітабына енген. Қазір әйел денесінде 10 келіге дейін металл затты ұстап тұра алады. Ендігі ол Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлауда.
Қарлығыш Нығметова ел қатарлы өмір сүреді, спортпен айналысып, адамдарды емдейді. Ол – екі қыздың анасы. Бүгінде үш немересі бар.
21 маусым 2019 ж. 1 241 0