Өздігінен үлкен дәреті жүрмейтін, салдарынан іші күп болып ісіп кететін төрт жасар Айсұлтан Әлібек дүниеге келе сала Гиршпрунг ауруына шалдыққан. Кішкентай болса да үлкен адам секілді сөйлеп, ойланатын балапан төрт жыл бойы отандық дәрігерлерде емделді. Алайда бүлдіршін шетелдік мамандар мен қазақстандықтардың көмегіне зәру. Айсұлтанның анасы Әйгерім кішкентай ұлына осы уақытқа дейін неше рет ота жасалғанын, оған қандай елдің дәрігерлері ота жасап беруге дайын екенін айтып берді.