"Аластайтын кісілерге апарамын": Ержан Максимнің анасы ұлы қалай ауыратынын айтып берді

Бұл жайлы Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек те айтуды жөн көрді. Ондай жағдайда жас әншіні бірден аластайтын үлкен кісілерге апарып емдетеді екен.
"Әрине тіл-көзден қорқамыз. Бірінші Аллаға сенеміз. Балаға тіл тиіп, көз өткен кезде көзінің асты көгеріп, жағдайы нашарлап кететін кездері болады. Бірден сезіп, аластайтын, дем салатын үлкен кісілерге апарамыз", - дейді Гүлмира Әлібек.