Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Екеуі жұлдыз болып кетеді деп кім ойлаған": Раим мен Ержан Максимнің ескі бейнежазбасы жарияланды

"Екеуі жұлдыз болып кетеді деп кім ойлаған": Раим мен Ержан Максимнің ескі бейнежазбасы жарияланды

Раим мен Ержан Максимнің бірге ән айтқан ескі видеосы жарияланды,

Осыдан біраз жыл бұрын мектептегі партада отырып бірге ән орындаған қос әнші жұртты таңқалдырған. Видеоға сүйенсек бұл Ержан Максимнің "Балдәурен" байқауынан бірінші орын алған кезі көрінеді.
"Ағайындар, бұл тағы да Ержан атты жігіт. "Балдәуреннен" бірінші орын иегері. Өзінің өлеңін қазір сіздерге паш етеді. Ал, паш",- дейді Раим.
Артынша Ержан Максим "Жарай ма?" әнін нақышына келтіріп орындаған. Бейнежазбаны көрген жұрт таңқалысын жасырмады. Бірінен соң бірі пікір қалдырып, ойларын ортаға салған.
"Оралдық жұлдыздар", "Екеуі де жұлдыз болып кетеді деп кім ойлаған", "Ержан баланың даусын-ай, шіркін", "Даусыңнан сенің, түріңнен", "Алланың бізге берген сыйы", "2013 жыл", "Тәттісін-ай", "Алла разы болсын", - десті жұрт.
http://stan.kz
 
04 маусым 2019 ж. 933 0