Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Екі мәрте күн тұтылады": Шілде айына арналған жұлдызды жорамал

"Екі мәрте күн тұтылады": Шілде айына арналған жұлдызды жорамал

Шоқжұлдызыңыздың құпиясы мен жұмбағын білгіңіз келсе, шілде айына жасалған жұлдызды жорамалды ұсынады.

2019 жылдың шілдесі - қарапайым ай емес. 2 және 17 шілдеде екі рет тұтылып, дәліз пайда болады. Бұл жағдайды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, бір ай бойы теріс айналатын ретроградты Меркурий біздің өмірімізді қиындатып, отқа  май құя түспек. Сондықтан жұлдыздардан жақсылық күтпей, өз бақытымызға өзіміз жауапты болуымыз керек. Оның үстіне, жаз айының орта тұсы болып, демалыс уақыты басталды, ауа-райы да көз қуантарлық.
Тоқты
Тоқтының негізгі белгісі - Марс. Осы ай отбасың мен балаларыңа махаббатыңды төгетін уақыт. Сенің жақындарыңмен қарым-қатынасыңның беріктігі сыналады. Сондықтан, отбасы маңызды адамдарға эмоциясына ерік беруге болмайды. Күн мен Венера жылжымайтын мүлік және шығармашылық құралдарды сатып алу мәселесін реттемек. Жеке өмірде өткен күндердің естелігі ретінде группаласың мен сыныптасыңды кездестіресің. Сөніп қалған сезімдерді ояту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Торпақ
Жұлдыздар бұл белгіні көпшіліктің назарында болуға итермелейді. Адамдар торпақтарды ортаға алып, шынайы таңқалып, ұмыт болған нәрсені жасауға шабыттандырады. Ал танымайтын адамдардан келген романтикалық хаттарға бей-жай қарауға болмайды. Өйткені оны бұрынғы танысыңыз жасырын атпен жазуы мүмкін. Басты назарыңыз жасы келген жақындарыңызда болсын. Өйткені, оларға шұғыл көмек керек болып қалуы мүмкін.
Егіздер
Жұлдыздар сізге бір мезет тоқтап, жан-жағыңызға мән беруге кеңес береді. Ақшаның бәрін табу бәрібір мүмкін емес. Ал өміріңіз жаныңыздан байқаусызда өтіп бара жатқанын ұмытпаңыз. Кеңеске құлақ асатындарға айта кететін бір жайт, Меркуридің ретроградты әсерін ескергеніңіз жөн. Ол компютерлер мен аппаратта ақаулар тудырып, тіпті кейбір құжаттардан қате жіберуіңізге әсер етуі әбден мүмкін. Бұндай қиындықты болдырмас үшін жазғандарыңыз бен, қол қоятын құжаттарыңызға мұқият болыңыз.
Шаян
Шілденің 2 және 16 болатын тұтылу шаяндар мен тауешкілерге тікелей байланысты. Сондықтан оларға мейлінше сақ болып, әрбір қадамын ойланып басу керек. Өйткені ай тұтылу кезінде уланып қалу қаупі басым. Сол үшін балғын және пайдалы тағамдарды тұтынған жөн. 
Арыстан
2 шілдедегі тұтылу арыстандардың психологиясына оң әсерін бермейді. Олар депрессияға түсіп, өмірін қара түске бояп тастуы мүмкін. Бағыңызға орай, мелонхоляңыз ұзаққа созылмайды. Өйткені 24 шілдеде арыстан жұлдызы ауысып, туған күн арқылы бақыт пен шаттыққа бөлейді. Жеке өмірде асығыстық жасамаған жөн. Жақсы көретін адамыңыздың шешім қабылдап, сезімін білдіруін жеделдетпеңіз.
Бикеш
Жұмыс жасауға бейімделіп кеткен бикештерге біраз демалған жөн. Теңіздің немесе мұхиттың жағасында жатып, күнге қыздырыну міндетті емес. Ең болмаса, күнделікті жасап жүрген жұмысыңызды өзгерту қажет. Әсіресе интелектуалдық тұрғыда жұмыс істейтіндерге демалыс алу керек. Ми да тынығуды қажет етеді. Жаңажобаларды жүзеге асыруға күш жұмсамай тұра тұрғаныңыз жөн болады. Өйткені ретроградты Меркурий жұмысты оңтайландырмайды.  Сондықтан одан ешқандай пайда жоқ. Қымбат нәрсе сатып аларда абай болыңыз, алған дүниеңіздің бір жері дұрыс болмауы мүмкін.
Таразы
Басшылықпен сөйлескен кезде арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз. Әсіресе, өзіңіздің жасаған жұмысыңызға сенімсіз болсаңыз бұл өте маңызды. Балаларңызбен сөзге келіп қалсаңыз сақ болыңыз. Олар баяғыда шешім қабылдап қойғанын айтуы мүмкін. Оларды байыппен орнына қойғаныңыз жөн. Егер олай істемесеңіз бұндай жағдаймен жиі ұшырасатын боласыз. Ескі досыңызбен кездесу өткенді еске алатын кешке ұласуы мүмкін.
Сарышаян
Шілдеде ұзақ жолға шықпағаныңыз дұрыс. Тұтылудың кері әсері туралы ұмытпаған жөн. Ауыр вирус немесе инфекция жұқтырып, қатты ауырып қалу қаупі басым. Саяхатқа шығудың алдында қажетті екпелер салғызып, мейлінше абай болу қажет. Марс саярышаяндардың атақ-абыройына кері әсерін тигізеді. Сондықтан жұмыста қате жібермеуге тырысыңыз. 
Мерген
Егер сізден адамдар рухани қолдау сұраса келісім беріңіз. Өйткені сіз өзіңіздің жан дүниеңізбен әбден қажыған адамға көмектесе аласыз. Марс пен мергеннің және Юпитер мен арыстанның үйлесуі шетелдік серіктестермен байланыс орнатып, кәсіби тұрғыдан жоғарлауға септігін тигізеді. Ресми және жеке түрдегі жақсы саяхаттар жасауға да қолайлы.
Тауешкі
Тауешкілердің бірге жұмыс істейтін адамдармен қарым-қатынасы айтарлықтай жақсы болмайды. Бірақ олармен ұрыс шығарудың қажеті шамалы. Тек шешілмеген мәселеге нүкте қойған жөн. Банктан қарыз алу да оңтайлы шешім емес. Өйткені, уақыт өте келе оны  қайтаруда қиындықтар туындауы мүмкін. 18 шілдеге жақын қауіпті нәрселермен айналыспаған жөн. Мәселен, қатты көлік айдап, спорттың экстрималды түрімен айналысуға болмайды.
Суқұйғыш
Қарсыластарыңыз өте мықты, қайратты болып шығуы мүмкін. Оларды басып озу үшін барынша күш-жігеріңізді жинағаныңыз жөн. Жақын досыңызбен қарым-қатынасыңыз нашарлауы ықтимал. Бәріне сабырмен қарап, досыңызға уақыт беріңіз. Тұтылу кезінде денсаулығыңызды күтіп, барынша абай болыңыз. 
Балықтар
Жұлдыздар бұл айда балықтардың махаббат мәселесін шешеді. Әрбір адамның жеке өмірінің сценарий көз алдынан өтіп, екінші жартысының назарына ілінеді. Ретроградты Меркурий мен Марс сізге көп тапсырмалар мен жұмыстар тапсырады. Оны тиянақты орындай алсаңыз, басшылыққа өзіңізді көрсетесіз. Ал балаларыңызбен өткізген уақыт естен кетпес естелікке толы болмақ.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 723 0