"Күресуге тырысып жүрмін": Аша Матай ана болудың қаншалықты қиын екенін айтты

Өзінің өмірін осылайша баласына сыйлып, жүрегінің жартысын бөліп бергенін айтты ол. Құдды біреу бұйырық бергендей, ішкі сезімім солай деп шешім қабылдады дейді әнші. Аша Матай ана болу әлемдегі ең ұлы сезім екенін мойындады. Сонымен қатар, өнер иесі баланың болашағына алаңдасаңыз, оны ешнәрседен қақпай, ашық әңгіме айта алатындай етіп өсіріңіз дейді.
"Ішімдегі бір бастықтан "Енді сен әр қадамыңды балаңның мүддесін ескеріп жасап, әр шешіміңді қабылдағанда өз бақытыңды емес, бүлдіршініңнің бақытын бірінші қатарға қоясың" деген бұйрық келгендей. Бұл сезімнің ерекшелігі, алғаш пайда болған сәттен бастап күн өткен сайын күшейеді. Тіпті балаңмен бірге өседі десем қателеспейтін шығармын. Дегенменен онымен қазір күресуге тырысып жүрмін. Қанша айтқанменен баланың өз тағдыры бар. Алланың жазған өз жолы күтіп тұр алда. Сол жолда өзі шешім қабылдап, тәуекелге барып үйренбегендер жиі сүрінетіні ақиқат. Оны үйрету үшін баланы көп түртпектемей, белгілі бір бостандық шеңберінде өсіру керек деп ойлаймын. Бірақ жасау, ойлағаннан гөрі әлде қайда қиын екен", - дейді Аша Матай.