"Бір жылда екі концерт": Мақпал Жүнісова әріптестерін сынап тастады

Биылғы жылы да халықтың алдында есеп беріп, шығармашылық кеш берген өнер иесі өзінің концерті туралы да айтып берді. Анаға деген құрметі ерекше Мақпал Жүнісов бұл концертін де ана тақырыбына арнаған.
"Өзімді жыл сайын халыққа не бердім, 55 жасқа толғанда не айта аламын, қазіргі дауысым қалай шығады деген ойлар мазалады. Менің ана туралы концерттерім өте көп. Аналарға тағзым жасамасақ қалай болады? Біз өмір сүріп жүргеніміз үшін анамыз бен әкемізге қарыздармыз", - дейді өнер иесі.