Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тоңазытқышқа іліп қояды": Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты

"Тоңазытқышқа іліп қояды": Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты

Белгілі тележүргізуші балаларына қандай тәрбие беретінін түсіндіріп берді. Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарына талап қойып, белгілі бір өмір салтын қалыптастырған. Журналистің балалары әр күн сайын міндетті түрде не жасау керек екенін тоңазытқышқа жазып қойып, тізіммен орындайтын көрінеді. Ол ұлдары жетістікке жетіп, өз орнын табу үшін осылай жасайды."Біздің үйдің әр таңында қайталанатын ұлдарымның 10 тәртібі бар. Төсегін жинау, терезе ашу, пижамасын ауыстыру, тісін жуу, суды отырып ішу, 7-10 минут жаттығу жасау, аналарының бетінен сүю, таңғы ас ішу, күнін жоспарлау. Стикерге жазып, тоңазытқышқа іліп қояды", -дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ләйлә Сұлтанқызы 27 жасында пәтер алғанын айтып мақтанған болатын.
https://stan.kz
13 шілде 2019 ж. 1 105 0