Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сыртқы инвесторлардың сенімін арттырады": Қазақстанда 14 ірі банк текcеріледі

"Сыртқы инвесторлардың сенімін арттырады": Қазақстанда 14 ірі банк текcеріледі

Биыл Қазақстанның ірі банктері активтерінің сапасы тексеріледі. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді

«Банк жүйесінде кешенді тәуелсіз бағалау жүргізіледі. Тексеріске шамамен елдегі банктердің 87%-ін алатын 14 банк енгізілді. Шілде айының соңына дейін халықаралық компанияның консультантымен бірге орталық еуропалық банктің әдіснамасын бейімдеу аяқталады», - деді Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол биыл қаңтардан бастап ұлттық банк тәуекелге бағытталған қадағалауға көшкенін, төлем қабілеті жоқ банктерді реттеудің толық тізбесін жүргізгенін атап өтті. 
«Бұл жүйелік тәуекелдерді төмендетеді және Қазақстанның банк жүйесіне сыртқы инвесторлардың сенімін арттырады. Үкіметпен бірлесе нақты сектор кәсіпорындарын тиімді сауықтыру мәселесі пысықталатын болады», - деді ол. 
Ұлттық банк басшысы қазақстандық және шетелдік банктердің 100% қатысуымен 14 ірі банк тексерілетінін айтты. 1 тамыздан бастап банк активтерін бағалау жұмыстары басталады. Жұмыс қараша соңы мен желтоқсан басында аяқталады деп болжануда. 
«Үкіметпен бірлесіп банк активтерін бағалау қорытындыларына жасалатын шаралар мен ұсынымдарды қабылдау бойынша алдағы 2-3 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалады. Банктердің активтерін бағалау инвесторларды тартуға және Қазақстанның банк жүйесіне беделі мен сенімін көтеруге көмектеседі деп есептейміз», - деп түйіндеді ұлттық банк басшысы.
Еске сала кетсек, үкіметтің кеңейтілген отырысы алғаш рет Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өтіп жатыр.
https://stan.kz
15 шілде 2019 ж. 645 0