Жан-жарасын еске түсірді: Ақтөбелік қария "Чернобыль" телехикаясын көргеннен кейін өзіне қол салды
Чернобыль қаласын ядролық қалдықтардан тазартуға қатысқан қазақстандық қария кең таралған драманы көргеннен кейін өзіне қол салды. Жақындарының айтуынша, бұл телехикая Жүсіповтің жан жарасын қозғады
61 жастағы ардагер Нағашбай Жүсіпов лас әрі кішкене жатақхана бөлмесінде әйелі және бес баласымен бірге тұруға мәжбүр болған. Осы жылдың маусым айында ол Ақтөбе қаласында тұрып жатқан жерінен үй шатырынан құлап көз жұмды. Достары оның өзінің ақысы желінді деп ойлағандықтан, осындай қадамға барғанын айтады.
Марқұмның 25 жастағы Гаухар есімді қызы бұл жағдайдың HBO арнасындағы телехикаяны жылап отырып көргеннен кейін болғанын жеткізді. Себебі аталған телехикая Чернобыльдың №4 реакторында, кейін Семей полигонында жүріп істеген қиын күндерін еске салса керек.
Чернобыльдың көптеген ардагеріне бұрынғы кеңес одағының құрамына кіретін Украина, Беларусь, Ресей және Қазақстан секілді мемлекеттер тарапынан жоғары зейнетақы мен үй берілген еді. Жарылған электр станциясы орнын тазартуға атсалысқан Чернобыль ликвидаторлар ұйымының өкілі Бақытжан Сатов Жүсіповтің алдыңғы қатарда жүріп жұмыс істеген жандардың бірі болғанын айтады. Сондай-ақ, ол көп жыл бойы басқа ардагерлер секілді өзіне де пәтер беруді сұрап келген. Алайда араға 10 жыл салып, өз есімінің үй кезегінен «өшірілгенін» көрген.
«Ол өзінің пәтер кезегін қайтару үшін соттасты. Соңғы рет оны көрген кезде іштей қынжылып жүрді. Меніңше, ол қатты күйінгендіктен, өзіне қол салды. Себебі, көп жылдан бері ол өзіне тиесілі үйді ала алмай жүрді», - дейді Сатов.
Қарияның Чернобыльды ядролық қалдықтардан тазарту кезінде денсаулығы қатты нашарлаған. Басы жиі ауырып, уақытының көп бөлігін ауруханада өткізген. Оның зейнетақысы мен мүгедектігі үшін алатын ақшаны қосқанда аптасына 35 фунт стерлинг алып отырған.
«Бізге ешкім Чернобыльға не үшін бара жатқанымызды айтқан жоқ. Мен ол кезде тракторшы болып жұмыс істеген едім. Чернобыльдан кейін денсаулығым нашарлап кетті. Мен Семей полигонында жұмыс істеген едім», - дейді Жүсіпов көзі тірісінде берген сұхбаттарының бірінде.
Гаухар әкесінің әрдайым немерелерімен ойнап, жүзінің бал-бұл жайнап жүргенін айтады.
«Барлығымыз «Чернобыль» телехикаясын көріп отырдық. Әкем басынан өткен қиын сәттерді есіне алса керек, көзіне жас алды. «Чернобыльды» көріп отырған кезде ол жылап жіберді. Әкем белгілі бір дәрежеде үкіметтен қолдау көрді. Бірақ өзі қалағандай деңгейде емес. Әкем де басқа ардагерлер секілді үй алуды армандады. Бірақ оның арманы арман болып қалды. Өз басындағы қиындықтарына қарамастан, ол басқаларға көмектесетін еді. Оның енді үйге келмейтініне сене алмай отырмын», - деді Гаухар.
Тағы бір ардагер 26 сәуір күні Жүсіповпен кездескенде оның қатты қайғырып жүргенін еске алды.
«Чернобыль» - 5 бөлімнен тұратын тарихи кішігірім телехикая. Оны америкалық HBO және британиялық Sky теле желісі бірігіп түсірген болатын. Сценарийін жазған – Крэйг Мазин, ал режиссер – Йохан Ренк. Ал рөлдерді Джаред Харрис, Стеллан Скарсгорд, Эмили Уотсон, Пол Риттер және басқалар сомдады. Телехикая көгілдір экраннан АҚШ-та 2019 жылдың 6 мамыры күні, ал Ұлыбританияда 2019 жылдың 7 мамыры күні көрсетілді.