Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО-да торғайлар жаппай қырылуда

БҚО-да торғайлар жаппай қырылуда

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының бірнеше ауданында торғайлардың жаппай қырылуы байқалған.

Жергілікті тұрғындар бірнеше ықшамауданнан көптегег өлі құсты тауыпты, Басылым мәліметінше, аудандық СЭС торғайлардың тоқтың салдарынан өлгенін айтқан. Алайда тұрғындар мұндай нұсқаға сенбейді.
Олардың бірі құстардың қоқыс үйіндісінде әлденеден уланып қалғанын айтса, өзгелері «таяуда қалада біртүрлі жаңбыр жауды» дейді. Енді бірі қала аумағында күкіртті сутек шығарылды деп топшылайды. 
Ветеринарлық зертхана қызметкерлері торғайлардың қырылуының себебін анықтау үшін, өлі құстарды жинап әкетті. Сараптама елордада жасалатын болады. 
https://stan.kz
17 шілде 2019 ж. 576 0