Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өлді деуге аузым бармайды": Димаштың Денис Тен туралы жазбасы жұртты жылатты

"Өлді деуге аузым бармайды": Димаштың Денис Тен туралы жазбасы жұртты жылатты

Күні кеше мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің көз жұмғанына бір жыл толды. Осы орайда марқұм досына арнаған Димаш Құдайбергеннің жазбасы жұртты жылатты

Әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында Денис Тенге арнаған жазбасын бөлісіп, оның әрбір қазақстандық үшін мәңгі үлгі болып қала беретінін айтты. 
«Өзіңмен жүздескен, тілдескен, танып білген әр жанның мәңгі сана-сезіміндесің. Сен әрдайым менің есімдесің, жүрегімдесің досым. Сенің бойыңдағы қасиет: өз ұстанымыңа беріктігің, ерен еңбегің, кәсібіңе деген құрметің, отанға деген адалдығың - еліңе, жас ұрпаққа үлгі, қағида болып қала береді!» - деп жазды Димаш Құдайберген. 
Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары өз кезегінде оның жүректі қарып өткенін жасырмады. Денис Тенсіз өткен бір жылдың да оңай болмағанын жарыса жазды.
«Денис өлді деп айтуға аузым бармайды. Ол туралы естеліктер барда, ол мәңгілік жадымызда. Орны толмас қаза, Денис, біз сені мәңгілік жақсы көреміз», «Бұл қазаны әлі күнге дейін қабылдай алмай келемін» деп жазды желідегілер.  
Естеріңізге сала кетсек, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні ұрылардың қолынан көз жұмды. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Себебі айыптылар оның мәнерлеп сырғанаушы екенін білмегенін айтып ақталды.
21 шілде 2019 ж. 1 099 0