Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суретші Денис Теннің портретін жіп пен шегеден жасап шықты

Суретші Денис Теннің портретін жіп пен шегеден жасап шықты

Алматылық суретші Рамазан Пейзов марқұм Денис Теннің портретін стринг-арт техникасы бойынша жасап шықты. Ол суретті спортшының туғандарына сыйға тартқысы келетінін айтты

24 жастағы Рамазан бұл сурет салу техникасымен екі жылдан бері айналысып келеді екен. Денис Теннің портретінен басқа әлемге әйгілі тұлғалардың да суретін жіп пен шеге арқылы салған. 
«Әр жұмысыма әрқалай уақыт кетеді. «Моно Лиза» портретіне үш ай кетті. Бұл ең үлкен картиналарымның бірі. Ал Денис Тенді үш күнде жасап бітірдім. Сол сәтте бойымда ерекше бір күш пайда болғандай сезіндім. Бірақ Денис Теннің суретін ұзақ таңдадым. Өйткені оның әр суреті ерекше», – дейді Рамазан. 
Суретші жасаған жұмысын өз қолымен Олимпиада жүлдегерінің туғандарына тарту еткісі келеді екен. 
«Мен Денис Теннің туысқандарымен таныс емеспін. Бірақ оларды тауып жатсам, қатты қуанар едім», – дейді Рамазан.
https://stan.kz
16 шілде 2019 ж. 675 0