Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Біз пиджакта туғанбыз, мен өзгермеймін": Тоқаев өзіне ширақ болу керек дегендерге

"Біз пиджакта туғанбыз, мен өзгермеймін": Тоқаев өзіне ширақ болу керек дегендерге

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзін осы бар қалпында қабылдаған жөн екенін айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы ресейлік журналист Алексей Пивоваровке берген сұхбатында айтты

«Мен осы қалпымда қаламын. «Маған ширақ болу керек, еркіндеу болу керек, әйтпесе сіз пиджак киіп алған мемлекеттік қызметкерден аумайсыз» деп айтады. Жоқ, мен өзімді өзгертпеймін деп айттым. Мен қандай болсам, мені сол қалпында қабылдаңыздар. 1975 жылы ММХҚИ-ды тәмамдағалы бері үнемі мемлекеттік қызметте істеп келемін.
Жұмысқа пиджак киіп баратыным сөзсіз. Қазір ММХҚИ-да қандай тәртіп екені білмеймін. Мен оған дейін де осылай жүрдім. Себебі, студенттерден костюм киіп, галстук тағып жүруді талап ететін. Таңғы тоғыздан кешкі тоғызға дейін костюмде жүреміз. Көпшілік мұның зиян екенін айтады. Былайынша айтқанда, біз пиджакта туғанбыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
22 шілде 2019 ж. 682 0