Есірткі затын өсіргені үшін сотталды

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, сотталушы А. өз үйінің ауласына, құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған 14 түп сора өсімдігін заңсыз егіп- өсірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі