Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "111 жасаңыз, анасы": Сәкен Майғазиев келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады

"111 жасаңыз, анасы": Сәкен Майғазиев келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады

Сәкен Майғазиев келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Танымал әнші әйелінің 42  жасқа толып жатқанын айтып, желіге жазба қалдырған. Ол балаларының анасын туған күнімен шын жүректен құттықтап, жүрегінен шыққан сөздерін арнаған. Келіншегін жүрегімнің ішіндегі жүрегім деп еркелететін ол осылайша әйеліне ақ жарма тілектерін арнады.
"Бір Аллаға мақтаулар болсын! Жүрегімнің ішіндегі жүрегім қос 21-де. Әулетіміздің, ұл-қыздарымыздың, Алла қаласа, немере-шөберелеріміздің бақытына 111 жасаңыз, анасы", - деп жазды Сәкен Майғазиев. 
Мұны көрген желідегілер өнер иесінің үйіндегі отанасын құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Олар отбасыға бақыт тілеп, жақсы күндеріңіз көп болсын деп жарыса жазған.
"Құтты болсын, аға! Әйел, ана бақытын тілейміз", "Жеңгемнің жаңа жасымен. Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", "Бар махаббатыңды, сезіміңді бір әнмен ақ жеткіздің ғой. Динара нағыз бақытты жан, аяулы ана, ең бастысы жүрегі таза", "Алла бір жастықта қартайтсын сіздерді. Ұрпақтарыңыз көз қуаныштарыңыз, жүрек жұбаныштарыңыз болсын", - десті жұрт.
Сәкен Майғазиев келіншегіне деген махаббатын бір әнмен байқатып, әйелі Динараны ерекше құттықтаған.
https://stan.kz/111-zhasaniz-anasi-saken-maygaziev-kelinshegin-tugan-kunimen-erekshe-kyttiktadi-321449/
02 қыркүйек 2019 ж. 1 339 0