Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 9 ҚЫРКҮЙЕК

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 9 ҚЫРКҮЙЕК

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Барлық адамға сене беруге болмайды. Бүгін өз түйсігіңізге сүйеніңіз. Сонда ғана сәтсіздіктерден сақтана аласыз.

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Бүгін ұзақ жолға шықпағаныңыз абзал. Жұмыстарыңызды жүйелі түрде жоспарлап алыңыз. Бүгін жинақылық пен тиянақтылық ауадай қажет.
 
 
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Бүгінгі күн қиын күн. Тек тыныштық сақтау арқылы ғана сіз кез келген қиындықты жеңіп шыға аласыз. Эмоцияға бой алдырмаңыз.
 
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Бүгін эксперимент жасамаған абзал. Бәсекелестеріңізді де басып озуға тырыспаңыз. Күшіңіз сарқылып қалады.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Бүгін өміріңізді өзгертуге мүмкіндігіңіз бар. Бірінші қадам жасауға қорықпаңыз. Тәуекел жасауға өте тиімді күн.
 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Бүгін ешкіммен, тіпті жақындарыңызбен де ойларыңызбен бөліспеңіз. Ойға алған ісіңізді жүзеге асырыңыз. Содан кейін барып нәтижесін көрсетіңіз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Бастамашылық танытыңыз. Басшылыққа идеяңызды айтыңыз. Сіздің бастамаларыңыз қолдау табуы мүмкін.

Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Бүгін жұмыс өте көп болады. Әріптестеріңіз бен бастығыңыздан көмек сұрауға арланбаңыз.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Болашақтағы жетістік үшін жақсылап жұмыс істеуге тура келеді. Ерінбеңіз. Сонда ғана адал еңбегіңіздің жемісін көресіз.
 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Сабырлы, ұстамды болуға тырысыңыз. Бүгін сізге сәттіліктің серік болуы екіталай. Басшылықпен де жанжалдаспаған абзал.
 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Айналаңыздағылармен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан сақтық танытыңыз. Басшылыққа басы артық талап қоймауға тырысыңыз.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Өзіңізге тапсырылған жұмысты тиянақты орындаңыз. Қолыңыздан келмесе жоқ деп айтуға қысылмаңыз.
http://reactor.inform.kz/kz/zhuldyz-zhoramal-9-kyrkuyek-a78861
09 қыркүйек 2019 ж. 1 881 0