Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

10 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

Бүкіләлемдік өзін-өзі өлтіруге жол бермеу күні Әлемде бүгінгі таңда өзекті проблемаға айналып отырған өзін-өзі өлтіруге жол бермеу мәселесіне арналған күн. Мұндай күнді бекіту бастамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Өзін-өзі өлтіруге жол бермеу жөніндегі халықаралық қауымдастық көтерді.
1925 жылы сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды. Театр шымылдығы 1926 жылғы 13 қаңтарда «Алтын сақина» пьесасымен ашылды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Атырау облысы Теңіз ауданын Құрманғазы ауданы деп ауыстыру туралы қаулы қабылдады.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды (1997 жылғы ақпанның 28-інен Дипломатиялық академия). 1996жылы республикада алғашқы кадет корпусы құрылды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Мәдениет және өнерді қолдау жөніндегі Мемлекеттік қор құрылды. ҚР Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Үкіметінің жаңа құрылымының бекітілуіне және Қазақстан Республикасы Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің қызметі тоқтатылуына байланысты Қор өзінің ведомстволық бағынуын өзгертіп, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетінің қарауындағы ұйымдар тізіміне енгізілді.
1998 жылы ай сайын шығатын «Қазақ батырлары» қоғамдық-саяси, тарихи-археологиялық газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Газет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихы, оның әйгілі батырлары, хандары, би-шешендері туралы сыр шертті.
2005 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салтанатты түрде ашылды.
Жаңа бес қабатты кітапхана 15 мың шаршы метрді алып жатыр, оның 20 оқырмандар залына бір мезгілде 500 адам сыяды. Ұлттық кітапханада 2 млн. томға жуық баға жетпес білім қазыналарымен қатар, осы заманғы электрондық ақпараттар сақталып, оқырмандарға қызмет көрсетіледі.
2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор кен-химия комбинатының (СКХК) күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. Күкірт қышқылы - халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылатын химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі. Күкірт қышқылы күшті, бірақ та арзан қышқылдардың бірі. Ол уран, мұнай, металлургия, металл өңдеу, тоқыма салаларында қолданылады. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы тоғыз кәсіпорынды салу жұмысының басталуына арналған шараға қатысты.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жаңа цехы құрылысының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ның филиалы. 1943 жылы құрылған, Қазақстан қара металлургиясы саласының тұңғышы. Өзінің құрамында зауыттың үш балқыту цехы, сондай-ақ шлактарды қайта өңдеу, шихталарды даярлау, кен-байыту цехтары және басқа да көмекші нысандары бар. Өзінің газ-турбина электр стансасы жұмыс істейді.
2013 жылы ҚР Парламенті Сенатының жаңғыртылған ресми www.parlam.kz/ru/senate веб-сайты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде іске қосылды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда» мен «Үкімет үйі» әкімшілік ғимараты бейнеленген тоғыз тауар белгісін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенаты бейнеленген алты тауар белгісін тіркеді.
Тіркеу куәліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті берді. Тауарлар халықаралық сыныптаманың барлық 45 класы бойынша 2023 жылға дейін жарамды.
2016 жылы Астанадан Арқалыққа қарай «Өр Торғай - ерлік мекені» экспедициясының қатысушылары жолға шықты. Оның құрамында тарихшы ғалымдар, зерттеушілер, этнографтар, журналистер және блогерлер болды. Шара Ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
https://www.inform.kz/kz/10-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3562107
10 қыркүйек 2019 ж. 909 0