Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды": Маржан Арапбаева алғашқы некесі туралы айтты

"Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды": Маржан Арапбаева алғашқы некесі туралы айтты

Маржан Арапбаева алғашқы некесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал әншінің үлкен қызы бірінші некеден туылған. Алайда, қазір ол анасымен бірге екінші әкесінің мейіріміне бөленіп жүр. Әншінің айтуынша бірінші күйеуі қызын іздемейтін көрінеді. Дегенмен Маржан Арапбаеваның екінші жары оны өз баласындай көреді.
"Үлкен қызымның әкесі бөлек. Әкесі қызымның өміріне мүлдем атсалыспайды. Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды. Мен ешқандай бөгет жасап, кедергі келтірген жоқпын. Қызым көргісі келеді. Қызым өзі хабарласып, іздеген кездері болды. Отбасы жоқ. Бірақ, қыздың жүрегін ауыртпайын, өзім де уайымдаймын деп жақындамайтын сияқты", - дейді Маржан Арапбаева.  
Айырылысқаннан кейін алғашқы жылдары қызы мен бұрынғы күйеуі кездесіп тұрған. Артынша, әкесі перзентінің жүрегін ауыртқысы келмегендіктен араласпауды жөн көрген сыңайлы. Бірінші күйеуінен алмент алып көрмеген әнші, қызы үшін барлық жағдайды өзі және екінші жары жасап отырғанын айтты.
"Біз айырылысып жатқан кездері мен қызымызды апарып тастайын, келіп алып кет, сені көргісі келіп жатыр деп айтатынмын. Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгерді. Сегіз жыл өтіп кетті. Мүлдем алимент төлемеген. Алименттен өзім бас тарттым", - дейді Маржан Арапбаева.

https://stan.kz/habarlaspaydi-izdemeydi-syramaydi-marzhan-arapbaeva-algashki-nekesi-turali-aytti-321721/ 

10 қыркүйек 2019 ж. 1 041 0