Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер қарапайым йодтың қаншалықты қауіпті екенін айтты

Дәрігерлер қарапайым йодтың қаншалықты қауіпті екенін айтты

Дәрігерлер қапарайым йодтың қаншалықты қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап. 

Рессейлік дәрігерлер қарапайым йодты жараларды таңуға қолданбауға кеңес берді. Мамандар йод адам денесін күйгізіп жіберуі мүмкін деп ескерткен. Ондай дәрілік препаратты тек кішкентай жарақаттарға және жарақаттың айналасына жағуға ғана болады. Ал жарақаттың өзіне йод бассаңыз дененің жұқа бөліктерін жарақаттап алуыңыз мүмкін. 
Спирттік йод орнына мамандар заманауи қоспаларды қолдануға кеңес береді. Бұл препараттар жарақатты мейлінше тазалайды.
"Құрамында йоды бар заманауи дәрілер бар. Ол жараны ифекцилардан тазалауға көмектеседі. Олардың қатарына бетадиннің, повидон-йодтың, йодопиронның су қоспалары жатады", - дейді Вишневский атындағы хирургиялық аурухананың дәрігері Заурбек Адырхаев.
Сонымен қатар, Марина Анисимова йодтың басқа дәрілер секілді аллергия туғызып, қалқанша безі ауруларына шалдыққандарға кері әсерін тигізетінін айтады. Алайда, йод сутегіге қарағанда әлдеқайда жоғары әсер береді. 

https://stan.kz/darigerler-kaparayim-yodtin-kanshalikti-kauipti-ekenin-aytti-320951/
12 қыркүйек 2019 ж. 558 0