Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақтар қоныстанған ауылда бірде-бір қылмыс болмаған": Түркиядағы қазақтар қалай өмір сүреді

"Қазақтар қоныстанған ауылда бірде-бір қылмыс болмаған": Түркиядағы қазақтар қалай өмір сүреді

Бауырлас ел Түркияда қандастарымыз қоныс тепкен бірнеше ауыл бар. Солардың бірі - Алтай кёй. Қазақтар көшкелі бұл ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген екен. Сондықтан болар, полицейлер ауылға барар жолды да ұмытқан. Осының арқасында түрік ағайын қазақтарға үлкен құрметпен қарайды. Қазақ елін Атажұрт деп атайтын бауырлас халық ұлттық мәдениетімізге де тамсанбай қоймайды. Жыл сайын екі ағайынды халықтың басын қосатын фестиваліне Stan.kz тілшісі қатысып, алған әсерлерімен бөлісіп қайтты. 

Алтай ауылы деп аталатын қазақ этникалық фестивалі – есте қалар, ерекше мәдени шара. Түркиядағы Қазақстандықтар ассоциациясының жетекшісі Анар Байжанованың айтуынша, екі бауырлас халықтың достастығына арналған шара Алтай кёйде жыл сайын ұйымдастырылады. Керемет дәстүрге айналған шараға кезінде осы өңірде туып-өскен, қазір Түркия мен Еуропаның өңір-өңірлеріне көшіп кеткен қазақтар жиналады. 
Анар ханым бірнеше жылдан бері өзіміздің жерлестеріміз үшін Алтай кёй мен басқа қазақ ауылдарына турлар ұйымдастыратынын айтады. 
«Осындай сапарлардың нәтижесінде біз - Түркияда тұратын қазақтар – бір-бірімізбен аралас-құралас болып, таныстығымыз үлкен достастыққа ұласып жатады. Отанымыздан жырақта жүрген біздер үшін бұл өте маңызды. Стамбұлдың түрлі мәдени шараларына жиі қатысуға тырысамыз. Өзіміздің қазақ екенімізді көрсеткіміз келеді,  әрдайым қамзол, қосетекті көйлек сияқты ұлттық киімдерімізді киіп, ағайынды халықты өз мәдениетімізбен кеңінен таныстырамыз. Бұрын бізді осындағы халықтың 5%-ы ғана таныса, қазіргі күнде 90%-ына жуығы жақсы біледі», - дейді Анар.
https://stan.kz/kazaktar-konistangan-auilda-birde-bir-kilmis-bolmagan-turkiyadagi-kazaktar-kalay-omir-suredi-321080/
12 қыркүйек 2019 ж. 804 0