Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан рейтингте нешінші орында тұр?

Қазақстан рейтингте нешінші орында тұр?

Әйелдердің өмір сүруіне ең қауіпсіз және қолайлы елдердің тізімі жасалған Women, Peace and Security Index (WPS Index) рейтингін жариялады, - деп хабарлайды tengrinews.kz
  Рейтингті құру үшін негізгі үш көрсеткіш есептелген: қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысуы, қауіпсіздік және кемсітушіліктің жоқ екенін көрсететін әділдік.
Рейтингке әлемнің 167 елі енген. Бірінші орынды Норвегия еншіледі, кейін Швейцария мен Финляндия тұр. Үздік бестікке Дания мен Исландия кірген.
  Қазақстан тізімде 43-орында тұр.
Рейтингтің соңғы үш орны Сирия, Ауғанстан мен Йеменге берілді.

16 қазан 2019 ж. 511 0