Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

«777МММ» немесе «111ССС». Қазақстандықтар осы тәрізді символдардан тұратын автокөлік нөмірлерін таңдап қана қоймай, сонымен қатар тапсырыс бере алады. ІІМ жүргізушілердің қалауына байланысты осындай шешім шығарды. Аталған өзгеріс 23 қазаннан бастап күшіне енеді деп хабарлайды stan.kz.

Бүгінде мұндай мемлекеттік нөмірлерді тек бар болған жағдайда ғана алуға болады. Ал 23 қазаннан бастап жүргізушілерге көлік нөмірлерін өз қалауына қарай таңдап, тапсырыс беруіне рұқсат етіледі.
«Егер сіз жоғары сұранысқа ие әріптер комбинациясын, яғни бірдей үш әріпті таңдасаңыз, сандарды өз қалауыңызға қарай таңдауға құқығыңыз бар. Бұл азаматтарға мемелкеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, оңтайландыру бойынша жоспарлық жұмыс болып отыр», - дейді ІІМ-нің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Юрий Козлов. 
ІІМ-дегілердің сөзінше, әріптер комбинациясын таңдау еркі берілгенімен, бейәдеп сөздердің құрастырылуына жол берілмейді. 
Сонымен қатар «әдемі» нөмірлердің бағасы да өспейді, дейді. Оған қоса, көлікті сатқан жағдайда, иесі тіркеу белгісін жарты жылға дейін өзінде қалдыра алады. Яғни тіркеу белгісін сақтау мерзімі 30 күннен 6 айға дейін ұзартылған.
«Мұнда бір нәрсені түсіндіріп өтсем, егер 30 күнге дейін жаңа көлікке бұрын тіркелген мемлекеттік нөмірді қойғыңыз келсе, ол тегін беріледі. Мемлекеттік баж төлемейсіз», - дейді Юрий Козлов.
21 қазан 2019 ж. 999 0