
Алаяқ
Таңертеңгі сүтін пісіріп, кешегі ұйытып қойған сүтті күбіге салып, айран шайқаймын деп бүкшеңдеп жүрген Назира сәскенің қалай болғанын байқамай қалды. Бүгін келіні де қалаға дәрігерге көрінем деп қалада жүр. Бақша басына су жығып келуге кеткен шалы Мұраттың түскі асы тура он екіде дайын болып тұрмаса, оның...














