Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

Фото: Сыр спорты
“Евразия” спорт кешенінде велоспорттан Қазақстан Республикасы Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыс бағдарламасына ерлер арасында көпкүндік дода, әйелдер арасында жекелей жарыс, сондай-ақ юниор ұлдар арасында «Критериум» бағдарламасы енгізілген.
Салтанатты шараға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Сағидат Бертай, Қызылорда облысының велоспорт федерациясының президенті Рахат Ілияс, жарыстың бас төрешісі Алла Василенкова және спорт саласының ардагерлері қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатында велоспорттан ҚР спорт шебері атағын алған жас спортшылар марапатталды.
Аталған жарысқа алғаш рет Әзірбайжан мемлекеті, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің өзге де өңірлерінен келген жалпы саны 12 команда қатысады. Спортшылар бірнеше күн бойы тас жолда өзара бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетпек.
Бұл жарыс аймақта велоспортты дамытуға және жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік болмақ. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

syrboyi.kz
25 наурыз 2026 ж. 46 0