
«Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі»
25 мамыр – Ұлы даланың барлық білім ордасындағы жас түлектер үшін соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлайтын күн. Мұқағали Мақатаев айтпақшы: «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» шәкірт бүгінде алтын ұясымен қимай-қимай қоштасты. Он бір жыл бойы ардақты ұстаздан білім алумен қатар, мектеп қабырғасында...













