Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

Бүгін сағат 17:47-де аудандық өрт сөндіру бөліміне Арал аудандық қорғаныс істері бөлімі ғимаратының жоғарғы қабатынан өрт шыққандығы жөнінде ақпарат келіп түскен.

Өрт сөндіруге арнайы екі құрамдағы отыздан астам өрт сөндіруші оқиға орнына 17:50-де келіп жетіп, нысанның шатырын ашу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды қабылдады.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда оқиға орнына аудан әкімі М.Оразбаев, салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары, тиісті сала қызметкерлері келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
03 қараша 2019 ж. 1 256 0