Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңіл-күйді көтеру әдістерін біле жүріңіз

Көңіл-күйді көтеру әдістерін біле жүріңіз

Қандай жағдай болмасын өміріңізге риза болу үшін қандай болу керек, әрдайым көтеріңкі-көңіл күйде жүрудің қандай әдістері бар?
Негативтен позитивке ауысудың жолдарын білу үшін мамандар кеңесіне құлақ түре жүріңіз. Бұл туралы “Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасында айтты.
Кейбір адамдарға қарасаңыз айналасына нұрын шашып жүреді, позитивті, мансабы да керемет, отбасы да бақытты, махаббатта да, байлықта да, денсаулықта да, өмірде де барлық жағынан озат адам сияқты көрінеді. Ол адамның қасында досы да өте көп. Айналасындағы достары оны “менің жан досым” деп ойлайды, достарына жақсы көңіл-күй мен позитив сыйлап жүреді. Мұндай адамдар қалай мықты болады деп психологтар зерттеген екен. Сөйтсе олардың ойы таза, жаман ойды ойламайтын болып шықты. Себебі, жаман ой адамды артқа тартып, қиындақтарға ұшыратады. Сонымен қатар, мамандар мұндай мықты адамдары психологиялық мәдениеті өте жоғары адамдар деп тұжырымдады.
Психологиялық мәдениетті қалай дамытуға болады?
Мамандардың айтуынша, бұл мәдениетті дамытудың ең жоғары сатысы өзгенің қуанышына шынайы қуана білу.
Әр бір қиындықтың бір жеңілдігі бар.
Мысалы, жолда келе жатсаңыз алдыңыздан шлагбаум шығып, жолыңызды бөгеп тастады. Бұл кедергі сіз апатқа ұшырайтын үлкен жүк көлігінен сақтап қалатын шығар. Сондықтан әр келеңсіз жағдай сізді күтіп тұрған жамандықтан қорғайды.
Сізді жақтырмайтын, сіз туралы жағымсыз әңгіме айтқан адмдарды алғыс айту арқылы жеңуге болады.
Дәл қазіргі сәтте бір нәрсе ұнамай тұрса, ойыңызды өзгертіңіз. Көңілді көтеру үшін де ойыңызды тазалаңыз.
Шығыс ғалымдарының айтуынша, көтеріңкі көңіл-күйде болу үшін адамның жаны тыныш, көңілі тоқ, барына қанағатты болып жүру жеткілікті. Адамда қанағат болғанда ғана мақсаттарына тез жетеді.
Сонымен қатар негативті ойлардан құтылып көңілді жүруге спорттың тигізер пайдасы зор.
stan.kz
25 наурыз 2018 ж. 2 486 0