Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 9 сәуір

Жұлдыз жорамал: 9 сәуір

 Балықтар
 
Жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Ең батыл жоспарларыңызды іске қосыңыз. Жанашыр жандар жаныңыздан табылатын күн. Аяқтан шалушылар да кезігуі мүмкін. Бірақ оған алаң болмай-ақ қойыңыз.

Суқұйғыш
 
Бүгін көңіліңіз нені қалайтынын анықтап алыңыз. Қандай бір істі тындыру барысында қателікке жол беруден сақтаныңыз. Қордаланған проблемаларды шешуге қолайлы күн.
   
Тауешкі
 
Қиялыңызға ерік беріңіз. Шабытыңыз шалқып, естен кетпес оқиғаға тап боласыз. Орындалуы мүмкін емес сияқтанған армандар жүзеге асады. Мерейіңіз өсіп, қуанышқа кенелесіз.
  
Мерген
 
Тек өз күшіңіз бен ақылыңызға жүгініңіз. Бүгін сізге жүктелген жұмыс басыңыздан асып түседі. Ұтымды ұсыныс болуы мүмкін. Достарыңызбен ақылдасып, өзіңізге ыңғайлы шешім қабылдаңыз.
 
 Сарышаян
 
Алда күтпеген қаржылық қиындықтарға тап болуыңыз ғажап емес. Сондықтан әліптің артын бағыңыз. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Дәрігерге қаралып алсаңыз, артық болмас. Қолайсыз ауа райында далада көп жүрмеңіз.
 
Таразы
 
Үй шаруасына, отбасыға көңіл бөліңіз. Мебель ауыстыру, шағын жөндеу жүргізу сияқты ұсақ-түйекпен айналыссаңыз да ұтылмайсыз. Бір сәт сүйікті жарыңыздың көңілін аулап, дем алып қайтудың сәті түсіп тұр. Ал бойдақтар күнді өте керемет көңілмен өткізеді.
 
Арыстан
 
Болашаққа сапар шегіңіз, алдағы жарқын күн-деріңізді елестетіңіз. Өмі-ріңізге шырай береді-ау деген жақсылықтарды осы жылға жоспарлаңыз. Сізді дос-жаран, ағайын-туыс қос қолын көтере қолдайтынына сеніңіз.
 
Бикеш
 

Кез-келген қиындықтарды аброймен шешуге қолайлы күн. Артық энергия жұмсауға құлшынбаңыз. Қаражат мәселесін де салмақтап, әмияныңызға салмақ түсіруден абай болыңыз.
 
Шаян
 
Күн қарбалас басталады. Жаңа идеялар туындауы мүмкін. Жандүниеңіз арпалысқа түсіп, аласапыран күй кешесіз. Достарыңызбен бас қосыңыз. Кітап оқып, жаныңызға рух беретін іспен шұғылданғаныңыз абзал.
 
Егіздер
 
Үйдегілеріңізбен арада түсінбестік туындауы мүмкін. Өзіңіздің еңбегіңізді тым асыра бағалаудан сақ болыңыз. Бүгін маңызды жобаның сәті түсіп тұр. Шешім қабылдауда көп ойланудың қажеті шамалы.
 
Торпақ
 
Өміріңізде жағымды жаңалық болады. Жаңа келісімге келуіңіз мүмкін. Алға құрған жоспардың жемісін көресіз. Көңіліңіз қаламаған кездесулерден бас тартыңыз. Бұл ең та-бысты күніңіз болмақ.
  
Тоқты
 
Күтпеген жағдайға дайын болыңыз. «Келісіп піскен тон келте болмас» дегендей өзіңіз сенім артқан адамдарыңыздың ақылына құлақ асыңыз. Ешкімге уәде бермеңіз. Қандай жағдай болса да сабыр сақтаңыз.
 
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 
09 сәуір 2018 ж. 2 205 0