Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыс оқиғасы. 16 кінәлі анықталды

Арыс оқиғасы. 16 кінәлі анықталды

Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты істе 16 адамға айып тағылды.

Олар: Нұр-Сұлтан қаласында қызмет атқарған еліміздің Қорғаныс министрлігінің сегіз әскери қызметшісі; Түркістан облысы Арыс қаласы мен Шымкент қаласында орналасқан жеті әскери қызметші; және Шымкенттегі бір азаматтық тұлға - делінген хабарламада. 
Биыл мамырдың басында айыпталушылардың негізгі бөлігі жоғары лауазымды офицерлер екені анықталған. Сондай-ақ, жарылысқа дейін оқдәрі қоймаларындағы өрескел ереже бұзушылық туралы жергілікті және елордалық офицерлердің білетіндігі белгілі болды. 
Арыстағы жарылыстың алдын алу үшін Қорғаныс министрлігі 650 млн теңгеден астам қаржы бөлген.
baq.kz
16 маусым 2020 ж. 744 0