Ағашқа асып өлтірген
Ауылдың батыс жағындағы төбешікте жалғыз өскен алып қара ағашты ес біліп, етек жапқаннан бері білеміз. Оның мықтылығы соншалық, қандай дауыл тұрса да қозғалмайтын. Сол себепті де оның ұшар басына дейін құс ұя салушы еді.
Бір жолы Қизат деген досымыз ағашқа өрмелеп құстың балапанын алмақшы болғанда абайсызда аяғы бұтақтан тайып кетіп, мертігіп қалды. Бытшыт болып сынған оң жақ жіліншігі қырық күн дегенде әрең бітті. Сонда үлкендер бізге: «Құстарға тиіспеңдер! Олардың адам баласына еш зияны жоқ. Есесіне қаптаған құрт-құмырсқаның санын азайтып, экологиялық тізбекті реттейді»,-дейтін.
Жаздың аптап ыстығында төрт түлік мал да сол ағаштың кең, мол саясынан рақат табар еді. Оның қалың жапырақтарының арасынан анда-санда су таматын. Сонда біз оның қайдан шыққанын біле алмай дағдаратынбыз. Бір ғажабы, ағаш діңі өздігінен қозғалып, ыңыранған дыбыс шығаратын. Сонда ағашта бір тылсым күштің бар екенін сезетінбіз.
Бір жолы аудан орталығынан өсімдікті зерттеумен айналысатындар арнайы келіп, ағаш «сырын» ашпақ болған. Бірақ нәтиже шығара алмады. Мұның сырын үлкендердің өздері де білмейтін болып шықты. Бұл құбылыс ауыл тұрғындары үшін жаңалық емес еді. Тек шет ауыл-аудандардан келген қонақтар ғана елең етісіп, мәнісін сұрағыштайтын.
Мамыражай мамыр айының бір күні көрші Бектемір ақсақал қайтыс болды. Сырқат меңдеп, төсек тартып жатқанына көп болған. Шыбын жан кеудеден шықпаған соң қайтсін енді, көңілін сұрап келгендерді үнсіз ұзатып салып отыратын. Тілі қазірге сау болғанмен, жақындарынан басқа ешкімге тіс жарып ештеңе айтпайтын жарықтық.
Қойды етекке қарай айдап келе жатқанымызда көк қасқа тайға мінген бала қарсы кездесті. Өңі қуқыл тартып, жүрісінен асығыстық байқалады. Бір жағдайдың болғанын ішіміз сезді.
– Атам қиналып жатыр. Сізге айтар сөзі бар секілді. «Тез шақырыңдар» деген соң келдім, – деді әлгі бала.
– О, Жаратқан! Ол кісі де арғы дүниеге аттанғалы жатыр екен-ау, – деп Ақылбек аға баланың соңынан ере жөнелді. Жасы ұлғайған адамдар дәм-тұзының таусылар күнін де сезеді. Кейбіреулер өзін бақиға жөнелтіп, сүйегінің қайда жерленетініне дейін көзі тірісінде тапсырып кетеді.
Ақсақалды бір күннен кейін жер қойнына тапсырдық. Ертеректе қайтыс болған алғашқы жарының қасына жерлеуді өсиет етіпті. Қарттың намазына жиналған жамағат бейіт басынан келгеннен кейін астан ауыз тиіп, әруаққа құран бағыштап тарқасты. Біреулер: «Бұл кісінің не арманы бар? Асарын асады, жасарын жасады. Қалған ғұмырын бала-шағасына берсін!» – деп қайғылы көңілге басу айтқан болды. Замандастары: «Айымбикеден жастай айырылғаны қиын тиді. Бозбала кезінен ғашық еді. Үйленіп, бір жылдан кейін не сайтан түрткенін кім біледі, асылып қалды ғой, жарықтық!» – деп сонау жылдарда болған оқиғаны сөз етісті.
Бектемір ақсақалдың жетісі өткеннен кейін Ақылбек аға маған бір сырдың ұшығын шығарды.
– Мына жалғыз түп ағашта бір әйелдің көз жасы қалыпты, – деді ол.
– Кімнің? – дедім мен үрейлене.
– Бектемір ақсақалдың алғашқы жары Айымбикенің, – деді бір күрсініп алып.
– «Өмірден озар алдында мені жайдан-жай шақырмапты. Алпыс жыл бойы тісінен шығармай келген сырын айтты. Бәлкім, о дүниеге өзімен бірге алып кеткісі келмеген де шығар. Алғашқы жары Айымбике ақылына көркі сай жан болған екен. Қызғаныштың қызыл құрығына ілініп кетіпті ғой, жарықтық! Жас күнінде Бектемір өте қызғаншақ болыпты. Тіпті әйелінің басына шыбын қонса да қипалақтайды екен. Әр нәрседен босқа күдіктенген Бектемір бір күні әйелін өлімші етіп сабапты. Жанын қоярға жер таппай тауға қашқан әйелінің соңынан қуып жетіп, осы ағашқа асып өлтіріпті. Өсімдік, жан-жануардың барлығында қасиеткие барын кейде аңғара бермейміз де. Бәлкім, күнәсіз әйелдің көз жасын көрген жапанда өскен жалғыз ағаш бұл күнде осылай ыңыранып қалған да шығар. Әлсін-әлсін тамып тұрар тамшы су Айымбикенің көз жасы ма екен, кім білсін?» – деді Ақылбек аға.
Бектемір ақсақал осындай бір өзекті өртер өкінішті айтып болып, қалтыраған саусақтарымен басындағы жастықтың ішінен шүберекке түюлі қайыс шылбырды Ақылбекке ұстатып, өзімен бірге жерлеуін өтініпті.
Бұл әңгімеден кейін мына дөңкиіп-дөңкиіп жатқан тау мен таста қаншама тылсым сырлардың жасырынып жатқанын бағамдай бастадым. Бірақ небір тылсым дүниелердің бәрі де әлдебіреулердің қолымен істеліп, сол күйі ашылмай қалып жатады.
Біздер алып қара ағаштың түбіне жақындап, ыңыранған әлгі дыбысты тыңдағымыз келді. Бірақ ести алмадық.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ