Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерте қартайған Ернарға ота жасалды

Ерте қартайған Ернарға ота жасалды

Бүгінде дерті көпшіліктің ортақ қайғысына айналған 6 жасар Ернардың қабағына ота жасалды. Бұған дейін көп болып Ернардың еміне ақша жиналған еді, деп жазады Қазақпарат. 

Ернардың кірпігі ішіне қарай өсіп, қайырылып бара жатқан соң оның қабағына ота жасау керек болды. Ота сәтті жасалды.
Қазір баланың беті ісіп, көгеріп тұр. Дәрігерлер Ернадың көзі ашылып, дөңгелектеніп қалғанын айтты.
Ата-анасы квота арқылы жасататын отаның мерзімін  күтпей ақылы отаға жүгінді. Ернар қиналып бара жатқандықтан ота жасауға тура келген. Ота ақысы 112 мың теңге болды.
Дәрігерлер алғашында ота жасаудан бас тартқан. Кейін баланың жағдайы асқына бастаған соң ота жасаушы команда ақылдаса келе, рұқсат алған. 20 минуттық ота 40 минутқа созылды.
Қазір Ернардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бет-жүзіне тек 18 жастан асқан соң пластикалық ота жасауға кеңес берді.
Еске сала кетейік, 6 жасар Ернар көз жасына ерік беріп, елдің жүрегін елжіреткен еді.
Stan.kz
17 тамыз 2018 ж. 3 136 0