Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүзімнің сіз білмейтін ерекше пайдасы анықталды

Жүзімнің сіз білмейтін ерекше пайдасы анықталды

Женева университетінің зерттеушілері жүзімнің құрамындағы ресвератрол атты бағалы табиғи қоспа өкпенің қатерлі ісігі ауруымен күресу қасиетіне ие екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Science Daily жазады. Осындай қорытынды тышқандарды темекі түтіні бар канцероген әсеріне ұшыратқан экспериментте белгілі болды. Тышқандарды ары қарай емдеуде жүзім құрамындағы ресвератрол қолданылды. Фенольдік қосылыстардың өкпенің қатерлі ісігімен күресудегі тиімділігін затты мұрынға енгізу арқылы анықтады.
Тәжірибеге қатысушыларды төрт топқа бөлген: бірінші бақылау топқа канцерогенде, ресвератролда берілмеген, екіншіге – екеуінде берген, ал қалған екі топтағыларға әр заттың біреуінен берген. Ем алған тышқандардың ісіктері басқа топтағыларға қарағанда 45 пайызға кішірейген.
Stan.kz
07 қазан 2018 ж. 2 260 0