Семейлік қыз салмағы 40 келі қойды 111 рет көтеріп, жүлделі болды
Семейде 18 жастағы Айым Нұржанова есімді бойжеткен өзінің нәзік иығында салмағы 40 келі болатын қойды көтеріп, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-ке сілтеме жасап.

Жәрмеңке барысында ұйымдастырушылар қой көтеруден жарыс өткізілетінін хабарлап және жиналған халықтан байқауға қатысу үшін тіркелулерін сұрады. Бұны естіген Айім сәттілігін сынап көрмекші болды. Оның үстіне бойжеткен жақында ғана алтыншы сәбиін босанған анасы Салтанатқа сыйлық жасағысы келді.

Айымның айтуынша, ол бұған дейін осындай жарыстарға мүлде қатыспаған. Алайда, Айым 15 жастан бастап жеңіл атлетикаға қызығушылық танытқан.
Жәрмеңке кезінде ұйымдастырылған байқауға 14 адам қатысты. Жиналған халық өз кезегінде, ерлермен бәсекеге түсетін Айымға қолдау көрсетті. 22 минутта Айым салмағы 40 келі болатын қойды 111 рет көтеріп, екінші орын алды. Ал, бірінші орынды қойды 185 рет көтерген Марат Оразбаев есімді жігіт алса, үшінші орынды 170 рет көтерген Әлихан Арғынбек иеленді.
«Мен қыз бала болғандықтан маған екінші орынды берді. Жүлдені ұтып алғаннан кейін бірден ата-анама хабарластым. Олар таңғалып, менің денсаулығыма алаңдады. Кейінірек олар қуаныштарын білдіріп, құттықтады », – дейді Айым Нұржанова.
Stan.kz