Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайда екі баланың анасы жоғалып кетті

Қостанайда екі баланың анасы жоғалып кетті

Қостанайда екі баланың анасы, 29 жастағы әйел жоғалып кетті. Бұл туралы Аlau.kz жазады.
Ольга Сальник 2 қазанда таңертең Әулиекөл ауданындағы дәріханаға кеткен екен. Содан бері үйіне оралмапты.
«Егер Ольганы көріп қалсаңыздар хабарласуларыңызды өтінеміз. Анам әбден уайымдап кетті. Оны үйде үш және сегіз жасар екі баласы күтіп отыр»,  – дейді әпкесі Анастасия Сальник.
Ольганың ұялы телефоны өшіп тұр. Туысқандары оның жоғалғаны туралы полицияға да арыз тастаған.
sn.kz
25 қазан 2018 ж. 962 0