Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде үш баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Семейде үш баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Семейде үш баланың анасы Динара Әубәкірова төрт күннен бері іздестіріліп жатыр.

Ол дүйсенбі күні Нахаловка ауылындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп жазады Устинка LIVE.
Еріктілердің айтуынша, азаматша өзімен бірге еш құжатын, телефонын алмаған.
Динара Әубәкірова орта бойлы, бойы шамамен 170 см. Маңдайында тыртық ізі бар. Жоғалған күні ақ кофта мен ақшыл қоңыр шалбар киген. Туыстары оның қайда кеткенін болжай алмайды.
Қазір әйелді полицейлер де іздеп жатыр. Динара Әубәкірованы көргендер болса, 8-747-349-57-17, 8-701-548-68-32 нөміріне хабарласуын сұраймыз.
Stan.kz
25 тамыз 2018 ж. 1 188 0